"Қайрат" тағы бір ойыншысымен қош айтысты

28.07.2024, 13:28

"Қайрат" пен Қазақстан жастар құрамасының жартылай қорғаушысы Егор Ткаченко "Жетісуға" ауысты.

Егор Ткаченко

Енді ол маусым соңына дейін талдықорғандық команданың намысын қорғамақ. Егор Ткаченко командаға Александр Кержаков келгелі негізгі құрамдағы орнынан айырылып қалған болатын. 

Айта кетейік, жартылай қорғаушы осы маусымда барлық турнирлерді қоса есептегенде алматылық команданың қатарында  11 кездесуге қатысқан. "Қайрат" қазір ҚПЛ-де 25 ұпаймен екінші орында келеді. Көш басында "Ордабасы". Шымкенттік ұжымның еншісінде де 25 ұпай, бірақ Александр Седневтің командасы екі ойын кем өткізген. Шымкенттік ұжым премьер-лиганың 15-туры аясында бүгін"Жетісумен" сырт алаңда кездесу өткізбек.