“Қайрат” “Таразға” қарсы ойында толық басымдық танытты

Лига Кубогының орталық ойынында “сары-қаралар” “Таразды” сенімді жеңді (3:0).

“Ақжайық” “Қызылжарды” күтпеген жерден жеңген сәтте “Таразда” топтан шығатын мүмкіндік туған болатын. Ол үшін Нұрмат Мырзабаев шәкірттері бүгінгі ойында жеңіске жетуі тиіс еді. Алайда “Қайрат” жоғары деңгейін көрсетіп, өз алаңындағы кездесуде жанкүйерлерінің көңілін көншітпеді. Кездесу барысында допқа көп иелік еткен ұжым соққы жасау көрсеткіші бойынша да қарсыластан басым түсті.

“Тараз” “Қайраттың” 16 соққысына тек 6 соққымен жауап қатты.

“Қайрат” 3:0 “Тараз”

Голдар: Пауло 32’, Сейдахмет 45’, Ульшин 73’

Осы жеңістен кейін “Қайрат” еш қиындықсыз плей-офф кезеңіне жолдама алды.

Материалда: