Жарнама
Жарнама

“Қайрат” тарихындағы ең қомақты табысқа жақын. Чемпиондар лигасына жолдама алса миллиардтардың астында қалмақ

22.08.2025, 12:00

Алматының "Қайраты" "Селтикті" жеңіп, Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шықса, клубқа УЕФА тарапынан қомақты қаржы бұйырады.

Жарнама
Жарнама

Нақтырақ айтсақ, 18,62 миллион еуро немесе 11,7 миллиард теңге көлемінде сыйақы беріледі.

Негізгі кезеңде команда 8 матч өткізеді. Әрбір жеңіс үшін УЕФА 2,1 миллион еуро, ал тең нәтиже үшін 700 мың еуро төлейді.

Айта кетейік, Алматылық клуб қазірдің өзінде-ақ 4,29 миллион еуроға (шамамен 2,69 миллиард теңге) қол жеткізіп үлгерді.

 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров