Жарнама
Жарнама

«Қайрат» түлегіне Германия мен Испания клубтары қызығушылық танытуда

28.10.2025, 15:03

«Қайраттың» шабуылшысы Азамат Тұяқбаевқа Еуропалық командалардың назарына түсуде.

Азамат Тұяқбаев
Жарнама
Жарнама

Атап айтсақ, 18 жастағы футболшыға «Боруссия Менхенгладбах» клубынан және испаниялық бір команданың қызығушылығы бар көрінеді. Бұл туралы «ASnews.kz» мәлімдеген болатын.  

«Бұған дейін қазақстандық футболшы «Ковентри Ситидің» назарына іліккен еді. Англиялық клубтың скауты сарапшылардың біріне былай деп есеп беріпті: «Азаматқа бірден Чемпионшипте ойнап кету оңай болмайды, бірақ оның көрсететін дүниесі көп. Жалғыз нәрсе, жігіт өзінің физикалық дайындығымен жұмыс істеуі керек – бұл өте маңызды». Алматылық клубтың 87-ші нөмірлі ойыншысын Германияда да бақылауда. Клубқа жақын дереккөздер Қазақстанға келген Маркус Хайнның шынымен де «Боруссия Мёнхенгладбахтың» жастар бөлімінде жұмыс істейтінін растады. Оның аты Transfermarkt сайтында көрсетілмесе де, маман Тұяқбаевтың шеберлігін жоғары бағалады. Сондай-ақ жас футболшымен бірнеше агенттік байланыс орнатуда. Атап айтқанда, Тараздың тумасына Испаниядан қоңырау түскен. Дегенмен, Тұяқбаевтың өзі «Қайраттан» кетуге асықпайды. Жас футболшы келесі жылды Қазақстанда өткізеді деп күтілуде. Бірнеше шетелдік ойыншылардың кетуімен ол «Қайраттың» негізгі құрамында өзін көрсету мүмкіндігіне ие болады», - деп жазды «ASnews.kz».

Естеріңізде болса, осыған дейін Азамат Тұяқбаевқа «Ковентри сити» командасының қызығушылығы жайлы айтылған болатын. Алматылық шабуылшы осы маусымда 28 матчта 17 гол мен 3 ассисттің авторы атанды.  

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров