Жарнама
Жарнама

“Қайрат” U19 командасы Чемпиондар Лигасының кезекті кездесуін өткізді

Алматы ұжымы Дания жерінде “Копенгагенмен” тең тарқасты.

Жарнама
Жарнама

Дания астанасында болған кездесудің есебін Мансұр Бірқұрманов көмегімен Қайрат бірінші болып ашқан еді. Алайда 24 минутта Фримпонг есімді қарсылас ойыншысы таблодағы есепті 1:1 қылды. Бірінші тайм аяқталуына 15 минут қалғанда Рамазан Бағдат мергендігімен көзге түсті. Сол арқылы алматылықтар үзіліске жеңімпаз ретінде аттанды. Бірақ ойын соңында дейін “Қайрат” U19 қарсыластың қарқынына төтеп бере алмады. Есімі аталып кеткен Фримпонг дубль авторы атанды. Сөйтіп қорытындысы есеп 2:2 болды.

Бұған дейін Жора Арутюнян шәкірттері “Спортингке” 3:2, “Реалға” 1:4, “Пафосқа” 1:3 және “Интерге” 3:0 есебімен жеңілді. Бүгінгі ойында тең ойнаған команда турнирдегі алғашқы 1 ұпайын еншіледі. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: