Жарнама
Жарнама

«Қайрат» ұпай алмаса да, футболшыларын жақсы лигаға сатуға мүмкіндік алады». Сарапшылар алматылық клуб үшін ЧЛ-дағы ең маңызды факторды айтты

05.11.2025, 16:14

«Аладоп.кз» еліміздегі белгілі бапкер Болат Есмағамбетовпен сұқбаттасып, «Қайраттың» ЧЛ-дағы аяқ-алысы мен мүмкіндіктері, футболшыларының өнері жайлы пікірін сұраған.

"Қайрат" - "Пафос" кездесуі
Жарнама
Жарнама

Танымал сарапшы жоғары деңгейдегі өнерінің арқасында алматылық футболшылар скауттар назарын аудартып, басқа чемпионатқа ауысуға мүмкіндік алады дейді.

«Жалпы кезеңге шықсаң, скауттардың назарына ілікпей қоймайсың. Олар біраз матчқа барады, кей футболшыны өздеріне түртіп алады дегендей. «Қайрат» футболшыларында да мүмкіндік бар. Бірақ, меніңше топ-10 чемпионаттан дәмелену орынсыз шығар. Біздің футболшыларға негізінен сол топ-10 лигадан кейінгі лигалардың командаларынан қызығушылық болуы ықтимал. Неге тек Еуропа? Азияның да мықты клубтары бар ғой? Міне, сондай чемпионаттардың өкілдері кейбір фуболшылар туралы ақпарат жинауы мүмкін – жалақысы қандай, статистикасы дегендей. Қалай дегенде де, жігіттер мүмкіндікті молынан пайдалануы керек. Себебі, жоғары деңгейде өткізген әрбір матч жақсы ұсынысқа жол ашады. Осыны, «Қайрат» ойыншылары жақсы түсінетін шығар деп сенемін», - деді танымал маман.   

Бұл бәсеке бүгін түн ауған шақта басталады. «Қайрат» 3 турдан кейін 1 ұпаймен 35-орынға жайғасуда.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров