Отандық бапкер Болат Есмағамбетов «Қайраттың» ЧЛ негізгі кезеңіндегі қарсыластары жайлы жақсы ой айтты.
Танымал маманның пікірінше, топ-клубтар турнирдің басқы кезеңінде мәселесін шешіп алса, соңына қарай қосалқы құрамын шығаруы мүмкін. Сол үшін «Реал», «Арсенал» мен «Интер» ҚПЛ чемпионына қарсы матчтарды мейлінше ертерек өткізгені жөн болатын еді.
«Алматыға «Реал» келеді! Алдында «Челси» де келген. Бірақ, бұл топовый командаларға байланысты бір момент бар – «Реалдың» негізгі кезеңнің алғашқы турларында келгені дұрыс. Неге дейсіз ғой? Олар мақсатына жетіп алса, «Челси» секілді кейін қосалқы құрамын жібере салуы да ықтимал. Сол үшін «Реалмен» өтетін барынша ертерек болса дейміз. Мысалы, қыркүйекте болса, бүкіл жұлдыздарын жіберейін деп тұр. Мбаппе, Винисиус бар барлық мықтыларын көріп қаламыз. Ал желтоқсан, қаңтарға кетсе, жаңағыдай жағдай. Бірақ, бәрібір «Реалдың» қосалқы құрамының өзі неге тұрады?! Оның өзі өте мықты ғой, айтары жоқ. Мадридтіктердің қосалқы құрамының өнерін тамашалаудың өзі қызық. Міне, осындай моменттерді ескеру керек», - деді белгілі маман.
«Қайрат» Еурокубоктің негізгі раундында өз алаңында «Реал» Мадрид, «Брюгге», «Олимпиакос», «Пафос» командаларын қабылдайды. Ал сырт алаңда «Арсенал», «Интер», «Копенгаген» және «Спортингпен» жолығады.
Біздің серіктес: FONBET