6 наурыз күні Алматыдағы Орталық Стадионда “Қайрат” командасы фанаттарға арнап ашық жаттығу өткізеді.
Алғашқы турын сырт алаңда болса да, Алматыда өткізгендіктен, “Қайрат” өз жанкүйерлері үшін ойын алды жаттығуын ашық форматта ұйымдастыратын болды. Экс-чемпиондардың дайындығын көрем деуші жандарға Орталық стадионның есігі айқара ашық болады.
Айта кетейік, 7 наурызда Рафаэль Уразбахтин командасы Премьердегі алғашқы ойынын “Алтайға” қарсы өткізеді. Өскемендегі “Восток” стадионының ойын қабылдауға дайындығы болмағандықтан, Вахид Масудов шәкірттері “Хан-Тәңірі” спорт нысанында өз қарсыластарын қабылдайды. Матч 16:00-де бастауын алады.
Одан кейін арада бір аптадан астам уақыт өткеннен кейін “Қайрат” Орталықта турдың басты кездесуінде “Ақтөбемен” кім мықтыны анықтайды. Тартысты ойынды ҚПЛ фанаттары 19:00-де тамашалауға мүмкіндігі бар.
Біздің серіктес: FONBET