Жарнама
Жарнама

«Қайрат» жанкүйерлерінің тарихи жеңістен кейінгі эмоциялары

27.08.2025, 16:16

Алматының «Қайраты» Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шыққаннан кейін әлеуметтік желідегі клубтың ресми парақшасы жанкүйерлердің қуанышты жазбаларына толып кетті. Қазақстаннан ғана емес, бүкіл әлемнің түкпір-түкпірінен құттықтаулар қарша борады.

"Қайрат" ФК
Жарнама
Жарнама

Жанкүйерлердің пікірлерінен үзінділер:

«Біз сендерді мақтан тұтамыз 💛🖤💛🖤. Анарбеков, сені туған анаңнан айналайын!»

«Хочу „Ливерпуль“ в соперники! Кайрат топ 🔥 Селтикті сындырдық!»

«Питер сіздермен бірге! 👏👏👏👏 Алғаш рет күйеуімді футболдан жеңіске жеткенде қуаныштан жылағанын көрдім».

«Шмейхель 🚫 — Анарбеков ✅. Үздік ойыншы! ❤️»

«Жарайсыңдар, бауырлар! Біз Өзбекстаннан қолдаймыз!»

«Бұл маусымда Чемпиондар лигасында үш команда: „Галатасарай“, „Қарабақ“ және „Қайрат“. Қазақ бауырларымды құттықтаймын!»

«Қайрат, сендерді Чемпиондар лигасына шыққандарыңмен құттықтаймын! Мен „Слован Братислава“ жанкүйерімін, бірақ пенальтиде ұтылғанымызға қарамастан тарихта алғаш рет топтық кезеңге өткен командаға жол бергенімізге қуаныштымын. Әр ойынды рахаттанып өткізіңдер! Өз алаңдарыңда „Реал Мадридті“ қабылдауларыңды тілеймін. Словакиядан сәлем 🇸🇰🇰🇿».

«Франциядан қолдау 🇫🇷. Жақында сендерге барамын 🔥🇰🇿».

«Анарбековтың үйінің алдына шұғыл асфальт төсеңдер, халық қыдыратын болды! 😂»

«Жарайсыңдар, „Қайрат“ 🖤💛 Грекиядан қолдау!»

«Londonwillalwaysbeblue атты „Челси“ жанкүйер парақшасы: „Керемет жетістік, үміттенеміз, сені көпірде көреміз“».

«Жарайсыңдар! 🇦🇿🇰🇿 Сендерге сендім!».

Әлеуметтік желідегі бұл жазбалар тек қазақстандық емес, шетелдік жанкүйерлердің де «Қайраттың» тарихи жеңісіне қуанышпен ортақтасқанын көрсетеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров