Алматылық клуб ЧЛ мен ҚПЛ арасында айқасуда.
«Реалға» қарсы матч алдындағы бір апталық үзілісте кейінге шегерілген 8-тур ойынында «Жеңісті» қабылдайды. Ұтқан жағдайда, Рафаэль Уразбахтин командасы жеке дара көш бастамақ. Қазір алматылық команда 49 ұпаймен екінші орында. Доп айырмасы 43-17. 22 ойында 15 жеңіс пен 4 тең нәтиже және 3 жеңіліс. «Қайрат» премьер-лига аясында болған соңғы 5 кездесудің төртеуін ұтып, біреуінде ұтылған (Елімайдан 2:3). Өткен аптада сондай-ақ, ЧЛ-да «Спортингтен» ойсырай жеңілді 1:4.
«Жеңіс» 31 ұпаймен жетінші орынға жайғасуда. Андрей Демченко шәкірттері соңғы бес ойынның екеуін ұтып, екеуінде тең түскен. Өткен турда елордалықтар сырт алаңда «Ордабасыдан» ұтылған еді 1:2. «Жеңіс» үшін қазір ерекше бір мақсат жоқ, командада жоғары дивизионнан ұшып кету қатері жоқ, Еурокубоктік аймақтан да дәмелі деуге келмейді.
Матчтағы голдардың жалпы тоталы 2.5-нан кем болады деп топшылаймыз. Бұған Fonbet.kz 1.93 коэффициент беріп тұр.
«Марсель» - «ПСЖ» матчына болжам
«Марсель» Лига 1 жаңа маусымының басында тұрақсыз ойынымен есте қалуда. Турнир басталмай тұрып марсельдіктер «ПСЖ-мен» таласта басты бәсекелес саналған. Алайда, «Ренн» мен «Лионға» қарсы кездесулердегі сәтсіздік клубтың биік мақсаттарға әлі дайын еместігін аңғартқандай. Қазір «Марсель» төрт турдан кейін 6 ұпаймен келеді. Бүгінгі қарсыласынан да 6 ұпайға қалып отырған марсельдіктерге «ПСЖ» қарқынын басу қиынға соғайын деп тұр.
«ПСЖ» Франция чемпионатында қарсылас шыдатар емес. Луис Энрике шәкірттері жаңа маусымдағы 6 матчтың барлығын жеңіспен аяқтаған. Оның үстіне париждіктердің сырт алаңдағы ойыны да күшті – соңғы екі матчта гол жібермеген. Матчтағы голдардың жалпы тотаты 4-тен көп болуы мүмкін деп есептейміз. Ықтимал нұсқаны таңдағандарды Fonbet.kz-тің 3.45 коэффициенті күтуде.
«Наполи» - «Пиза» кездесуіне болжам
Антонио Конте жаттықтыратын неапольдік команда А Сериясында сұрапыл. Жаңа маусымның 3 турында ұпай жоғалтпай, бүгін де сол серияны жалғастыруға ниетті. Десе де, «Наполи» ЧЛ-ны сәтсіз бастады – өткен аптада «Манчестер Ситиден» есе жіберген. Бүгін «Пизадан» айласын асырса, жеке дара көш бастауға мүмкіндік бар. Себебі, «Ювентус» өткен жолы күтпеген жерден ұпай жоғалтып алған болатын. Неапольдіктер сапында жаңадан қосылған Де Брюйне мен Хойлундтың бабы керемет. Қос футболшы бүгін де қарсылас қақпасына қауіп төндіретіні анық.
«Пиза» А Сериясының жаңа өкілі ретінде жаман көрініп жүрген жоқ. Альберто Джиллардино тізгіндеген команда үш турда 1-ақ гол жіберіп, қорғаныста тәуір көрінуде. Әйтсе де, шабуылда да ерекше бір нәтижесімен көзге түскен жоқ – 3 матчта бір-ақ гол. Әзірге «Пиза» турнирлік кестеде 19-орында келеді.
Бұл бәсекеде біз екі команданың голын таңдаймыз. Бұған таңдауы түскендер үшін Fonbet.kz 2.45 коэффициенті бар.
Біздің серіктес: FONBET