“Слован” ойыншысы дәл қазір Алматыда өтіп жатқан кездесуде қызыл қағазбен жазаланды.
Братислава ұжымының аяқдопшысы Рахим Ибрахим “Слован” - “Қайрат” кездесуінің 65 минутында алаңнан қуылды. Ганалық жартылай қорғаушы бүгінгі матчта алматылықтарға қарсы екі рет ереже бұзып, Сердар Гезубюйюк тарапынан 2 мәрте сары қағазбен жазаланды. Осылайша “Слованның” негізгі құрам ойыншысы Братиславадағы Чемпиондар Лигасының қарымта кездесуінен шет қалады.
Айта кетейік, Рахим осы маусымда “Слован” сапында 24 матч өткізіп, 3 голдық нәтижені тіркеді. Футболшы словакиялық ұжымнан бөлек, өз мансабында “Тренчин” клубында өнер көрсеткен.
Еске салсақ, Владимир Вайсс шәкірттерінің “Қайратқа” қарсы келесі кездесуі 12 тамыз күні Братислава жерінде өтеді.
Біздің серіктес: FONBET