Италиялық "Интер" клубының қорғаушысы Алессандро Бастони ұрылардың құрбаны болды.
La Gazzetta dello Sport басылымының хабарлауынша, оқиға Чемпиондар лигасының "Қайратқа" қарсы матчы кезінде болған.
Төрт адамнан құралған ұрылар тобы ойын өтіп жатқан сәтте Бастонидің үйіне кіріп, бірнеше бағалы заттарды — қымбат сағаттар мен брендтік сөмкелерді ұрлап кеткен. Олар бар болғаны бірнеше минуттың ішінде әрекет етіп үлгерген.
Үйдің дабыл жүйесі іске қосылғанымен, оқиға орнына жеткен күзет қызметі қылмыскерлерді ұстауға үлгермеген.
Бұл уақытта "Интер” өз алаңында "Қайратты” 2:1 есебімен жеңді. Ал Алессандро Бастони бүкіл ойынды қосалқы құрам орындығында өткізген еді.
Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр, ал Италиялық баспасөздің жазуынша, соңғы айларда футболшылар үйлерін тонау оқиғалар жиілеп кеткен.
Біздің серіктес: FONBET