Жарнама
Жарнама

“Қайратқа” қарсы ойында “Спортингке” бірнеше басты ойыншылары көмектесе алмайды

18.09.2025, 22:35

Лиссабондық "Спортинг" "Қайратпен" өтетін матчқа бірнеше негізгі ойыншысын қоса алмайды.

Жарнама
Жарнама

A Bola басылымының хабарлауынша, команда капитаны әрі негізгі қақпашы 31 жастағы Руи Силва жарақат салдарынан жасыл алаңда болмайды. Ол осы маусымда "Спортинг” құрамында бес матчтың төртеуіне қатысқан еді.

Сонымен қатар, командадағы ең қымбат қорғаушы 21 жастағы Усман Диоманде бірнеше аптадан бері жарақатпен зардап шегіп келеді. Ал шабуылшы Педро Гонсалвештің де жеңіл жарақаты бар, сондықтан ол матчқа қосалқы құрамнан шығуы мүмкін.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров