Жарнама
Жарнама

«Қайрат» плей-офқа шығу үшін қанша ұпай алуы қажет? Белгілі бапкердің пікірі

29.08.2025, 15:27

«Аладоп.кз» белгілі бапкер Болат Есмағамбетовпен сұқбаттасып, «Қайраттың» ЧЛ негізгі кезеңіндегі мүмкіндігі жайлы пікірін сұраған болатын.

"Қайрат" ФК футболшылары
Жарнама
Жарнама

Сондай-ақ, беделді маман алматылықтардың 8 ойында қанша ұпай олжалауы мүмкін деген мәселе төңірегінде де өз ойын ортаға салды.    

 - «Қайрат» негізгі кезеңде неше ұпай алуы мүмкін?

- Енді оны қазір дәл болжау қиын. Қалай алады, қай жерден алады дөп басып айту мүмкін емес. Қалай дегенде де «Қайрат» өз алаңындағы ойындарға ерекше ден қойып, дайындалуы тиіс. Әрине, «Реал», «Арсенал» мен «Интердің» жөні бөлек. Мүмкін, бұл қатарға «Спортингті» де жатқызуға болатын шығар. Бұл клубтарға қарсы өте қиын болатыны түсінікті. Ал қалғандарының «Қайраттан» асып бара жатқан ештеңесі жоқ. Кипрліктермен, «Олимпиакос», «Брюгге», «Копенгагенмен» де ойнауға болады. Жалпы, алматылық футболшыларға да мұндай мүмкіндік күнде беріле бермейді ғой. Сол үшін өздерін барынша көрсетіп қалуға тырысуы керек. Қалай дегенде де, Алматыға «Реал» Мадрид келеді. Мұның өзі керемет оқиға.

«Қайрат» Еурокубоктің негізгі раундында өз алаңында «Реал» Мадрид, «Брюгге», «Олимпиакос», «Пафос» командаларын қабылдайды. Ал сырт алаңда «Арсенал», «Интер», «Копенгаген» және «Спортингпен» жолығады.   

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров