Жарнама
Жарнама

“Қайратпен” Чемпиондар Лигасында тең ойнаған бапкерге шетелден ұсыныс түсті

Хуан Карлос Карседо “Спартак” клубымен келісімге келуге жақын.

Жарнама
Жарнама

Естеріңізде болса, осы жылдың қараша айында Деян Станкович Спартак бапкері қызметінен кеткен болатын. Оның орнына бұл қызметке уақытша Вадим Романов тағайындалып келген. Енді міне жаңа жылдан кейін Спартак тізгініне Унаи Эмери шәкірті Карлос Карседо келеді деп күтілуде. 

Жоғары да аты аталған жаттықтырушы қазақстандық футбол жанкүйерлеріне жақсы таныс. Ол осы жылдың қазан айында “Пафос” командасымен Алматыда қонақта болып, 1 ұпайды кипр клубы қоржынына алып берді (0:0). 

52 жастағы маман соңғы 3 жылда ғана бас бапкерлік қызметін қолға алды. Әйтпесе оған дейін ол ұстазы Унаи Эмеримен “Альмерия”, “Валенсия”, “Спартак”, “Севилья”, “ПСЖ” және “Арсенал” клубтарында еңбек етті. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: