Жарнама
Жарнама

“Қайраттың” 29 жастағы орталық қорғаушысы Егор Сорокин клубта кідірмейтін болды

Қазақстан чемпионы келісім шарты аяқталысымен өз отанына қайтып оралуды көздеп отыр.

Жарнама
Жарнама

Егор Сорокин Александр Мартынович секілді Қайрат сапында 2024 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Қорғаушы Алматы ұжымында жалпы алғанда, 46 матч өткізіп, 2 гол мен 2 голдық пас берді.

Қазірде Егор “Қайрат” ұжымымен бірге Чемпиондар Лигасының жалпы кезеңінде өнер көрсетіп келеді. Және клубпен екінші чемпиондығын тойлатуға жақын. 

Алайда жылдың соңында Сорокин “сары-қаралар” отбасынан кететін болып шешіпті. Жасы 30-ға келіп қалған Егор мүмкіндік болса, өз отанында мансабын жалғастыруды құп көріп отыр екен. Келісім шарты аяқталса, қорғаушы ФНЛ клубтарына баруға да қарсы емес.

Айтпақшы осыған дейін біздің портал “Қайраттың” тағы бір орталық қорғаушысы Александр Мартыновичтің тағы бір маусымға қалатыны жайында сіздерге ақпарат берген болатынбыз. 

 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: