«Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин шымкенттік «Ордабасымен» өткен кездесуге қатысты пікірімен бөлісті.
Кеше ҚПЛ чемпионы сырт алаңда минималды есеппен басым түсіп, жанкүйерлерін қуантты 1:0.
«Өте қиын ойын болды. 95 минут бойы шиеленісті жағдайда өтті. Шымкентте оңай болмайтынын білгенбіз. «Ордабасы» - мықты футболшылар мен тәжірибелі бапкерлері бар білікті команда екенін алдыңғы баспасөз-мәслихатында да айтқанмын. Бұл жеңіске өте қуаныштымыз. Біз үшін өте маңызды. Киім ауыстыратын бөлмеде жігіттерге сендерді мақтан тұтамын деп айттым. Футболшылар да, бапкерлер штабы да үлкен жұмыс атқарды. Біз тағы да өз мінезімізді, рухымызды көрсеттік», - деді Р. Уразбахтин клубтың баспасөз-қызметіне берген сұқбатында.
«Қайрат» 15 матчтан кейін 33 ұпай жинап, екінші сатыда келеді. Алматылық клуб келесі турда «Тұранды» қабылдайды.
Біздің серіктес: FONBET