«Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин Чемпиондар лигасында мадридтік «Реалға» қарсы матч жайлы пікір білдірді.
«Әр ойыншыға бес билеттен беріледі. Стадион қатты үлкен емес. Бар болғаны 23 мың адам ғана сияды. Менің дерегім бойынша, «Реалға» қарсы матчқа шамамен 140 мыңдай өтінім түскен. Басшыларымыз біз бәріне бірдей билетті тарата алмаймыз, өйткені ол жағдайда қарапайым жанкүйерлердің билет сатып алу мүмкіндігі шектеліп қалады деді. Иә, қарбаластың деңгейі жоғары. Бірақ Чемпиондар лигасының барлық матчында осындай қызығушылық болды. Тіпті бұрын футболға мүлдем бармаған адамдар да қазір стадионға келгісі келеді. Біз өзіміз таңғаламыз: олар «Реалды» көруге ме, әлде бізді көруге келе ме?» — деді Уразбахтин.
Айта кетейік, 30 қыркүйек күні «Қайрат» пен «Реал» арасындағы ойынның билеті 23 қыркүйек күні сатылымға шығады.
Біздің серіктес: FONBET