«Қайраттың» қорғаушысы Еркін Тапалов ЧЛ жеребесіне байланысты пікір білдірді.
«Жеребе қорытындысын қалай қабылдағанымызды өздеріңіз де көрген шығарсыздар. Осындай деңгейдегі клубтармен ойнайтынымызға, «Реал Мадридтің» Қазақстанға келетініне ел болып қуандық. Әлемнің үздік клубтары ғой. Ондай ұжымдармен ойнау кез-келген футболшының арманы. Кезінде біз де армандадық. «Жеребенің» алдында ұлыммен сөйлестім. Ол «Барселонаны» жақсы көреді. Әсіресе, Ламин Ямальдің ойынын ерекше ұнатады. Сондықтан, Алматыға «Барселона» келсе екен деген тілегін жеткізді. Ештеңе етпейді. Есесіне «Реал Мадрид» келеді. Ұлым сол ойынды көруге асық. Мачты көруге ұлым мен анам келеді. Екеуі де менің басты жанкүйерлерім», - деді қорғаушы «Футбол жолы» YouTube арнасына.
Естеріңізде болса алматылық клуб ЧЛ негізгі кезеңінде өз алаңында 4 ойын өткізеді. Соның ішінде ерекше назар «Реал» Мадрид командасына қарсы матчқа аударылуда. Бұл ойын осы айдың аяғында болады.
Біздің серіктес: FONBET