"Қайраттыңэ алдағы қарсыласы – Бельгиялық "Брюгге" Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде ауыр жеңіліске ұшырады. Неміс алыбы "Бавария" өз алаңында қарсыласына еш мүмкіндік бермей, ойынды 4:0 есебімен аяқтады.
Мюнхендік клуб алғашқы таймның өзінде-ақ басымдығын айқын көрсетті. 17 жастағы Неміс вундеркинд Леннар Карл есеп ашып, Чемпиондар лигасының тарихындағы гол соққан ең жас Германиялық ойыншы атанды. Одан кейін Харри Кейн мен Луис Диас өз мүмкіндіктерін сәтті пайдаланып, есепті 3:0-ге жеткізді. Ал 79-минутта алаңға қосылған Николас Джексон қорытынды нүктені қойды – 4:0.
Бұл жеңіс "Баварияның" қарқынды формасын тағы бір дәлелдеді. Команда маусым басынан бері барлық турнирлерде 12 ойында қатарынан жеңіске жетіп отыр және Чемпиондар лигасында алғашқы үш матчтан кейін толық 9 ұпай жинап, плей-офф кезеңіне ерте жол ашты.
"Брюгге” қорғаныста көп қателік жіберіп, қарсыластың шабуылдарына төтеп бере алмады.
Алматылық “Қайрат” 20 қаңтар күні Алматыда, дәл осы "Брюггеге” қарсы матч өткізеді.
Біздің серіктес: FONBET