Ресей Премьер лигасының 9-турындағы "Ахмат" – "Пари Нижний Новгород" матчы даулы сәттерге толы болды. "Пари НН" бас бапкері, бұрын "Қайратты" жаттықтырған Алексей Шпилевский төрешілердің шешіміне қатты наразы екенін жасырмады.
Кездесу Грозныйда өтті. 43-минутта "Ахмат" ойыншысы Усман Ндонг пенальтиден есеп ашты. Алайда екінші таймда "Пари НН" шабуылшысы Хуан Босельи 69-минутта есепті теңестірді. Барлығы тең ойынға аяқталады деп ойлаған сәтте, 94-минутта Мануэл Келиану "Ахматқа" жеңіс сыйлады – 2:1.
Ойыннан кейін Шпилевский ашуын жасыра алмады:
"Бұл бассыздықты түсіндіргім келмейді. Бәрі көрді, бәрі түсінді. Жігіттерге не айтамын? Олар ренжулі, көңілдері түсті. Команданың алғашқы он минуты мен екінші таймына ризамын. Бірақ кейбір футболшылардың енжарлығына көңілім толмады." – деді ол "Матч ТВ” эфирінде.
Біздің серіктес: FONBET