Pесейлік орталық қорғаушы Егор Сорокин мансабын Қытай чемпионатында жалғастырмақ, деп хабарлайды Aladop.kz.
Инсайды от Карпа телеграм арнасының мәліметінше бастапқыда Сорокин "Ухань Фри Таунс" клубымен алдын ала келісімшартқа отырған екен. Алайда, Чемпиондар лигасы аясындағы "Олимпиакосқа" қарсы ойынға екі күн қалғанда, Қытайлық клуб футболшыдан бас тартатынын мәлімдеген. Іс сотқа дейін баруы мүмкін еді, бірақ Егор Қытай Супер лигасынан басқа тиімді нұсқа тауып, мәселені оңтайлы шешті.
"Чэнду Жунчэн"
Сәрсенбі күні Сорокин Чэнду қаласына ұшып келіп, жаңа ұжымына таныстырылды. Жоспар бойынша медициналық тексеріс бейсенбі күні өтеді. Келісімшарт мерзімі: 2 жыл.
Мәліметтерге сүйенсек, қаңтар айының соңында "Қайраттан” кеткен қорғаушыға Италиялық "Торино", сондай-ақ Корея, АҚШ және Түркия клубтары тарапынан да қызығушылық болған көрінеді.
Қытай футболындағы жағдай және алдағы мақсаттар
Сорокиннің жаңа клубы – "Чэнду Жунчэн” өткен 2025 жылғы маусымды сәтті аяқтап, 3-орынға табан тіреп отыр. Қытай футболын шарпыған сыбайлас жемқорлық дауынан аман қалған санаулы ұжымдардың бірі.
Жақында өткен жолдастық кездесулерде бұл команда Ресейлік "Локомотив" (0:4) пен "Ростовтан" (0:3) ұтылғанымен, кейін Мәскеулік "Динамоны" пенальти сериясында қапы қалдырып, әлеуетін танытқан еді. Мамандардың пікірінше, Қытай Супер лигасындағы бәсекелестерінің ұпай жоғалтуын ескерсек, “Сычуандықтарх – 2026 жылғы маусымда алтын алқадан басты үміткерлердің бірі.
Біздің серіктес: FONBET