Жарнама
Жарнама

“Қайраттың” бұрынғы ойыншысы мансабын Беларусьте жалғастырмақ

Бүгін, 16:59

Алматылық “Қайраттың” сапында екі маусым өнер көрсеткен Дмитрий Сергеевтің келесі аялдамасы Беларусь біріншілігі болуы мүмкін. Алайда, футболшының жаңа клубқа орнығу процесі әзірге сәтті бола қоймаған сияқты, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Қаралымдағы алғашқы ойын

Санкт-Петербургтің “Зенит” клубының түлегі, қазіргі таңда Бресттің “Динамо”командасында қаралымда жүр. Ол жақында өткен “Неманға” қарсы жолдастық кездесуде бір тайм бойы алаңда өнер көрсетті.

Өкінішке қарай, Ухо телеграм арнасының хабарлауынша, Сергеев бұл матчта өзін жақсы қырынан көрсете алмаған. 

“Неманнан” 0:4 есебімен ойсырай ұтылған Брест ұжымының сапында жартылай қорғаушының қимылдары сенімсіз көрінген. Егер жағдай осылай жалғаса берсе, футболшының клубпен келісімшарт жасаспай, кері қайтуы әбден мүмкін.

Дмитрий Сергеев “Қайрат” сапында 53 матч өткізіп, 6 гол соғып, 5 нәтижелі пас берген.

2024 жылы Қазақстан чемпионы атанған ол, 2025 жылдың қаңтарынан бастап Туланың “Арсеналында” ойнап, 9 кездесуде бір ассист жасаған.

Сергеев — алаңның ортасында, яғни орталық немесе тірек жартылай қорғаушыпозициясында ойнайтын әмбебап футболшы.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров