Жарнама
Жарнама

“Қайраттың” Чемпиондар лигасына дайындығы – Алматылық клуб БАӘ-де оқу-жаттығу жиынын өткізеді

Бүгін, 11:39

Алматылық "Қайрат" Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі кезекті матчтарына дайындықты бастамақ, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Клубтың 20 қаңтар күні Астанада өтетін Бельгиялық "Брюггеге" қарсы ойынға дайындық жоспары белгілі болды.

Goal.kz арнасының хабарлауынша, “Cары-Қаралар” маңызды кездесулер алдында Біріккен Араб Әмірліктерінде оқу-жаттығу жиынын өткізуді ұйғарған. Жылы климат пен сапалы инфрақұрылым команданың физикалық бабын қалпына келтіруге және тактикалық дайындықты пысықтауға септігін тигізбек.

Оқу-жаттығу жиыны аясында футболшылардың ойын практикасын сақтау үшін жолдастық кездесу өткізу жоспарланып отыр.

• Ықтимал қарсылас: Әзірбайжанның танымал ұжымы — Бакулік "Нефтчи".

Бұл бақылау матчы "Брюггемен” өтетін кездесу алдында құрамның дайындығын тексеруге жақсы мүмкіндік болмақ.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров