Финляндиялық КуПС ұжымы Еуропа Лигасындағы жорығын аяқтады.
Куопио қаласының атынан еурокубокте бақ сынасып жатқан ұжым бүгін даниялық “Мидтьюлланнан” жеңілді.
Еуропа Лигасы, плей-офф, қарымта матч (екі матч қорытындысы 0:6)
КуПС 0:2 "Мидтьюлланн"
Голдар: Брумадо 51’, Симсир 54’
Қызыл қағаз: Артту Лотьоннен 38’ (КуПС)
Еске салсақ, КуПС Қайрат клубының Чемпиондар Лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі қарсыласы болған еді. Алайда Куопио ұжымы қазақстандық клубты бірінші ойында 2:0 есебімен жеңгенімен, қарымта кездесуде қарсыластын камбэк жасауына жол беріп қойды. Соның нәтижесінде Яррко Висс шәкірттерінің жолы “Митдьюлланнмен” түйісті.
Біздің серіктес: FONBET