Жарнама
Жарнама

«Қайраттың» Чемпиондар лигасының келесі кезеңінде кіммен жолығады?

29.07.2025, 22:10

Алматының «Қайрат» клубы Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінде финляндиялық «КуПС» командасын екі ойын қорытындысы бойынша 3:2 есебімен жеңіп, турнирдің үшінші кезеңіне жолдама алды.

Жарнама
Жарнама

Үшінші іріктеу кезеңінде «Қайрат» Словакияның «Слован» және Босния мен Герцеговинаның «Зриньски» клубтары арасындағы жұптың жеңімпазымен кездеседі. Алғашқы ойында «Слован» «Зриньскиді» 4:0 есебімен ойсырата жеңіп, келесі кезеңге шығуға бір табан жақын тұр.

Айта кетейік, бұған дейін «Қайрат» бірінші іріктеу кезеңінде Словенияның «Олимпия» клубын жарыстан шығарған болатын (1:1 – сыртта, 2:0 – үйде).

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда:

Келесі жаңалық
Бақтиер дебют жасады