Мәскеулік "Торпедо" намысын қорғап жүрген Гүлжігіт Алықұлов “Ақтөбенің” қызығушылығын тудырды.
24 жастағы жартылай қорғаушы осы жазғы трансферлік ауысымда ақ-қызылдардың сапын толықтырады деп күтілуде.
Еске салсақ, Гүлжігіт 2020 жылдан 2023 жылға дейін алматылық “Қайратта” доп тепті. Футболшы сары-қаралар жейдесінде жалпы алғанда 65 ойын өткізіп, 8 гол соқты.
Қазақстанда жақсы өнер көрсеткен футболшы беларустың “Неман” командасына ауысты. Сонда 1 маусым өткізгеннен кейін жартылай қорғаушы мәскеулік “Торпедомен” келісім шартқа отырды.
Ресейдің Премьер-лигасы жолдамасына талас құрып жатқан “Торпедо” маусым аяқталар тұста Гүлжігітті жібере қоймасы анық. Сол себептен Алықұловты “Ақтөбенің” футболшысы атанады деп дөп басып айту әзірге қиын.
Біздің серіктес: FONBET