Жарнама
Жарнама

«Қайраттың» Еурокубоктегі басты ерекшелігі айтылды

04.11.2025, 11:51

«Қайраттың» израильдік жартылай қорғаушысы Офри Арад ЧЛ жалпы кезеңінің 4-туры аясында өтетін «Интерге» қарсы ойын алдында пікірімен бөлісті.

"Қайрат" ФК футболшылары
Жарнама
Жарнама

«Интер» - «Қайрат» кездесуі қарашаның 5-нен 6-на қараған түні болады.

«Біздің команданы ерекше ететін – жүрек. Біздің командада ғаламат жүрек бар. Әрбір талас, әрбір пас ерекше маңызға ие. Чемпиондар Лигасында бәрі де мүмкін... Матч аяқталмаса, әлі ештеңе де белгісіз», - деді О. Арад «The UCL Show» берген сұқбатында.

«Қайрат» ЧЛ жалпы кезеңінде 3 турдан кейін бір ұпаймен 34-орынға жайғасуда. Алматылық клуб кипрлік «Пафоспен» ұпай бөлісіп (0:0), «Спортинг» пен «Реалдан» оңбай ұтылды (1:4, 0:5).  

 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров