Жарнама
Жарнама

“Қайраттың” еурокубоктегі қарсыласы Бельгия Кубогынен ұшып кетті

“Брюгге” командасы “Шарлеруа” ұжымымен кездесіп, 2:0 есебімен жеңілді. 

Жарнама
Жарнама

Кездесу барысында жартылай қорғаушы Парфе Гиагон дубль авторы атанып, Иван Леко командасын Бельгия Кубогының ширек финалынан шығарып тастады. Айтпақшы, ойынның соңғы қосалқы минуттарында 20 жастағы шабуылшы Шандре Кемпбэлл қызыл қағаз алып, матчтан шеттетілді.

Айта кетейік, келесі ойынын “Брюгге” ұжымы Премьердің 21-туры аясында “Ла Лувр” клубын қабылдайды. Кездесу Бельгия астанасындағы “Ян Брейдел” стадионында өтеді. 

Еске салсақ, Бельгияның бірнеше дүркін чемпионы 20 қаңтарда Чемпиондар Лигасы аясында “Қайрат” командасында қонақта болады. Биылғы еурокубок маусымында команда “Монаконы” ұтып, “Барселонамен” тең түсіп, қалған 4 кездесуде жеңіліс тапты. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: