Жарнама
Жарнама

«Қайраттың» Еуропадағы қауқары қандай? Сарапшылар сырт алаңда да сенсация күтуде

31.08.2025, 10:41

«Аладоп.кз» белгілі сарапшы Болат Есмағамбетовпен хабарласып, «Қайраттың» ЧЛ негізгі кезеңіндегі мүмкіндіктері турасындағы пікірін білген болатын. 

«Қайрат» ФК футболшылары голдарын тойлауда
Жарнама
Жарнама

«Бұл жерде ұпайды өз алаңымызда алуға болады. «Копенгаген»,«Пафос»,«Олимпиакос» бір деңгейдегі клубтар. «Спортингпен» де ұпай алуға болады. Меніңше, «Қайрат» та сол 24 команданың қатарына кіруді мақсат ететін шығар. Алматылық команда бүкіл күшін өз алаңындағы ойындарға салуы керек. «Реалдың» орны бөлек, ал қалған үш клубтан ұпай алуға әбден болады. «Қайрат» сыртта да сенсация жасай алады деп есептеймін. Ұтып кетсе, тіпті бір ұпай алып жатса да керемет болар еді», - деді Б. Есмағамбетов. 

Алматылық клуб бірінші турда сырт алаңда «Спортингпен» кездеседі. Бұл ойын 18-қыркүйекте. 30-қыркүйекте «Реал» Мадрид қонаққа келмек.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров