Жарнама
Жарнама

«Қайраттың» қайраулы қылышына айнала ма? Алматылық клуб жейдесін қандай шабуылшы киді?

12.06.2025, 18:30

Бүгін алматының «Қайраты» бразилиялық шабуылшы Эдмилсонның трансфері туралы ресми жария етті.

Эдмилсон де Паулой Сантосом Фильо
Жарнама
Жарнама

Ал біз соңғы екі жыл Словения біріншілігінде бақ сынаған форвард туралы аз-кем ақпарат бере кетейік. «Қайрат» Жоао Пауло мен Сантана қатардан шыққан соң ірі денелі шабуылшы алуға ниетті екенін мәлімдеген. Фактурный форвард қатарында ресейлік Артем Дзюба, кейін Федор Смоловтың кандидатурасы қарастырылды деген ақпараттар тарады. Бірақ, соңғы күндері осы бразилиялық Эдмилсонның келетіні туралы жаңалық дүңк ете қалған болатын. Ақыры трансфер аяқсыз қалмай, ҚПЛ чемпионы өзінің ойын іске асырып отыр. Енді Қазақстан чемпионатының алаңдарын шаңдататын сұрмергеннің бойы 190 сантиметр. Эдмилсон де Паула Сантос Фильо Сан-Паулу штатында дүниеге келіп, футболдағы алғашқы қадамдарын түсінікті өзінің отанында жасады. 2019-2023 жылға дейін Португалияда «Марко 09» және «Вилаверденсе» клубтарының намысын қорғаған. Ал соңғы екі маусым Словенияның жоғары дивизионының өкілі «Целеде» доп теуіп келді. Словениялық клубпен чемпионатта топ жарып, кубок иегері де атанған жайы бар. Эдмилсонның халықаралық тәжірибесі де жоқ емес - УЕФА Конференция лигасының соңғы маусымында «Целемен» барлық 12 матчта өнер көрсетіп, турнирдің ширек финалына дейін жеткен болатын. «Қайраттың» су жаңа футболшысы Словенияның жоғары дивизионында 73 матч өткізіп, 19 гол мен 8 нәтижелі пастың авторы атанды. Енді кейбір легионерлердің кебін кимей барлығы ойдағыдай болса, бразилиялық шабуылшы ҚПЛ-де екі маусым доп тебуі керек (келісімшарты 2027-жылдың маусымына дейін).

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров