Жарнама
Жарнама

«Қайраттың» қыстағы екі ойынын Астана қабылдауы мүмкін? Алматылық клубтың кестесіне байланысты маңызды ақпарат шықты

31.08.2025, 11:35

Белгілі бапкер Болат Есмағамбетов «Қайраттың» ЧЛ негізгі кезеңі аясында қыста өткізетін ойындары жайлы пікір білдіріп, Алматының «Орталық» алаңы жайлы айтты.

«Қайрат» ФК футболшылары
Жарнама
Жарнама

«Алматыда сондай бір суық жоқ қой. UEFA-да -15 градустан асып жатса ғана форс-мажор деп бір шаралар қолдануы мүмкін. Бұрын Ресейдің командалары да суықта ойнай беретін еді. Бастысы, төсеніш астынан жылытылса, ал Алматының «Орталық» алаңында подогревы бар. Алдында «Челси» де келді ғой, бірақ ол кезде қанша градус болғанын білмеймін. Қалай дегенде де, қазір ештеңе деп айта алмаймыз. Ұтамыз деген жерде ұтылып, керісінше үміт жоқ жерде жолымыз болып кетуі мүмкін. Осы үшін де футболды бәрі жақсы көреді», - деді Б. Есмағамбетов «Аладоп.кз» сайтына. 

«Қайрат» 9-желтоқсанда «Олимпиакос», 20-қаңтарда «Брюггені» қабылдайды. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров