“Интер Милан" Швейцариялық қорғаушы Мануэль Аканжиді “Манчестер Ситиден” жалға алу туралы келісімге келді.
Аканжиге “Тоттенхэм” мен “Вест Хэм” де қызығушылық танытқан еді. Бұған дейін оның “Галатасарайға” ауысу мүмкіндігі де болған, бірақ мәміле жүзеге аспады. Ақыры футболшы А сериясының алпауыттарының бірі саналатын “Интерге” ауысуға келісім берді.
Романоның айтуынша, келісімшарт келесі шарттарды қамтиды:
– “Интер” 2 миллион еуро жалдау ақысы мен жалақысының бір бөлігін төлейді
– 15 миллион еуроға сатып алу құқығы бар
– Бұл бап міндетті түрде орындалуы үшін екі шарт қажет: Аканжи маусымдағы ойындардың кемінде 50%-ына қатысуы және “Интер” А сериясының чемпионы атануы
30 жастағы қорғаушы медициналық тексеруден өтуге дайын.
Аканжи өткен маусымда Премьер лигада 26 ойынға қатысып, 5 матчта қақпасына гол жібермеген. Бұған дейін “Боруссия Дортмунд” сапында 119 ойында 30 рет қақпасын голдан аман сақтаған. Ол 2022 жылы “Ситиге” қосылған болатын.
Біздің серіктес: FONBET