Португалияның “Спортинг” клубы Чемпиондар лигасының басталар алдында негізгі шабуылшысын сатқаны туралы хабарлады.
20 жастағы Дат шабуылшысы Конрад Хардер “Спортингтен”, Германияның “РБ Лейпциг” клубына ауысты. Өткен маусымда ол Португалия чемпионатында 5 гол соғып, 5 нәтижелі пас берген. Бұған қоса, Кубок пен Чемпиондар лигасында тағы 6 голдың авторы атанды.
Хардер жаңа клубымен 5 жылдық келісімшартқа қол қойды. Бұған дейін “Спортинг” өзінің басты форварды Виктор Дьёкерешті “Арсеналға” сатқан еді. Қазір команданың орталық шабуылшы позициясында 27 жастағы Колумбиялық Луис Суарес ойнап жүр.
Біздің серіктес: FONBET