Жарнама
Жарнама

“Қайраттың” қорғанысы сөгіліп тұр” – “Қайраттың” Чемпиондар лигасына шығуы жәй ғана сәттілік бе?

Бүгін, 07:25

Алматылық “Қайрат” оқу-жаттығу жиынындағы алғашқы матчында-ақ жанкүйерлерін жерге қаратты, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Әзербайжанның “Нефтчи” клубымен өткен кездесуде Алматылықтар 0:3 есебімен ойсырай ұтылды. Ардагер жаттықтырушы Павел Черепанов бұл жеңілістің астарын талдап, команданың әлсіз тұстарын ашып айтты.

Оң қанаттағы ойсыраған орын

Маманның айтуынша, команданың қорғаныс шебіндегі олқылықтар көзге ұрып тұр. Әсіресе, оң қанаттағы қорғаушының қателіктері ойын тағдырына тікелей әсер еткен.

“Матчтағы голдарды қарап шықтым. “Қайраттың” оң қанаттағы қорғаушысы үнемі позициясын жоғалтып, қателік жіберумен болды. Қарсыластар дәл осы аймақты шебер пайдаланып, шабуылдарын сәтті ұйымдастырған.” — деді Черепанов Azerisport басылымына берген сұхбатында.

“Чемпиондар лигасына бағы жанғандықтан ілікті”

Павел Черепановтың пікірінше, “Қайраттың” қорғанысындағы проблемалар бүгін ғана пайда болған жоқ. Ол тіпті команданың өткен маусымдағы жетістігіне де күмәнмен қарайды.

“Қайраттың” қорғанысында мәселе көп екені баяғыдан белгілі. Олардың Чемпиондар лигасына жолдама алуы — нағыз сәттілік. Іріктеу кезеңдері мен плей-оффта команданың бағы жанды деуге болады.” — деп мәлімдеді маман.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров