Жарнама
Жарнама

«Қайраттың» неше түлегі Қазақстан футболында доп тебеді?

13.10.2025, 21:35

 «Қайрат» футбол клубының бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев «Футбол жолы» YouTube арнасына берген сұхбатында «Қайрат» академиясының отандық футболға қаншалықты ықпал жасағанын айтты.

Жарнама
Жарнама

«Жыл басында сараптама жүргіздік. Нәтижесінде «Қайрат» клубының академиясынан шыққан 160-тан астам түлек Қазақстанның Премьер-лигасы, Бірінші лигасы, Екінші лигасы және тіпті әуесқой лигада да доп тебетіндігі белгілі болды. Бұл кейінгі 12 жылдың қорытындысы. Әр жыл сайын 23-25 түлектің шығатынын есептесек, бірі жарақат алып, футболды тастауы мүмкін. Бірінің жолы болуы мүмкін. Міне, біздің нәтижеміз», - деді Қайрат Боранбаев.

Ол сұхбат барысында «Қайрат» академиясының басты мақсатын атады.

«Біздің бірінші міндетіміз - Қазақстан азаматын тәрбиелеу. Бұл біздің басты мақсатымыз және қарапайым сөз емес. Ал қалғандары екінші кезектегі мәселе. Қанша Дастан Сәтпаевтың шығатынын білмеймін. Бірақ бізде талантты жастар көп. Тек қана Дастанның мысалы арқылы оның артындағы жасөспірімдер де өздеріне деген сенімділіктері артып, биікке ұмтылады. Олар тек шетелдік клубтарға ғана емес, ТОП командаларды көздейтін болады. Мысалы, «Жетісуге» қарсы ойында алаңға шығып, гол соққан Азамат Тұяқбаев біздің келесі буынымыз», - деп Қайрат Боранбаев ойын түйіндеді.

Айта кетейік, «Қайрат» клубы өз тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде өнер көрсетіп жатыр.

 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: