Жарнама
Жарнама

«Қайраттың» ресейлік қорғаушысы: Ресейде Сәтпаевтың деңгейіндегі жастар жоқ

16.05.2025, 16:53

«Қайраттың» ресейлік қорғаушысы Егор Сорокин Дастан Сәтпаевтай талантты футболшыны Ресейде жолықтырмағанын айтып, алматылық шабуылшының өнерін бағалады.

Дастан Сәтпаев
Жарнама
Жарнама

«Мартынович Дастан Сәтпаевтай 16 жасар таланттарды кезіктірмегенін айтып па еді? Мен де. «Краснодар» мен «Рубинде» түрлі жас футболшылар болған, бірақ мұндай деңгейде емес еді», - деді Е. Сорокин.

Айта кетейік, Дастан Сәтпаев үшін биылғы ҚПЛ өте табысты өтуде. 16 жасар шабуылшы премьер-лигада үздік сұрмергендер көшін бастап тұр – 9 матчта 6 гол мен 3 ассист. Дастан Сәтпаевтың нарықтық бағасы 500 мың еуро. Қазақстан құрамасының футболшысы кәмелетке келген соң «Челси» жейдесін киеді. Оған дейін қос тарап келісімімен алматылық ұжым сапында шеберлігін шыңдай бермек.   

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров