Жарнама
Жарнама

“Қайраттың” стилі маған өте қолайлы” – Финляндиялық алғашқы әсерлерімен бөлісті

Бүгін, 10:32

Алматылық "Қайраттың" шабуылшысы Ойва Юккола Қазақстандағы алғашқы әсерлері, команданың тактикасы және ұжым ішіндегі достық қарым-қатынасы туралы айтып берді. Финляндиялық футболшы жаңа ортаға тез бейімделіп кеткенін жасырмады, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Юкколаның пайымдауынша, Aлматылық клубтың ұстанатын тактикасы оның мықты тұстарын ашуға мүмкіндік береді. Әсіресе, жылдамдыққа сүйенетін ойын өрнегі шабуылшының көңілінен шыққан.

“Қайраттың” футбол стилі маған өте жақын деп ойлаймын, мұнда бос аймақтарға шығып, жылдамдығымды екі бағытта да тиімді пайдалана аламын. Әрине, көбірек гол соғып, нәтижелі пастар бергім келеді, бірақ ең бастысы — командаға пайда әкелу.” — дейді Ойва Meta-ratings.kz сайтына берген сұхбатында.

Футболшының айтуынша, алаң сыртындағы жайлылық оның ойынына да оң әсерін тигізіп жатыр. Жаңа елге келген легионер үшін тілдік кедергілер мен тұрмыстық мәселелерді еңсеру оңай емес. Фин ойыншысы ұжымның тамаша екенін және өзін жылы қабылдағанын ерекше атап өтті.

“Командадағы барлық жігіттермен қарым-қатынасым жақсы. Бірақ біреуді бөле-жара айту керек болса, ол — Александр Широбоков. Ол маған тіл үйренуде және басқа да ұсақ-түйек шаруаларда көп көмектесті.”

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров