Жарнама
Жарнама

"Қайраттың" жаңа бапкеріне биік мақсаттар қойылады

29.05.2024, 17:56

Бүгін алматылық "Қайраттың" тізгінін Александр Кержаков ұстады

Александр Кержаков "Қайрат" ФК бас бапкері
Жарнама
Жарнама

Біраз уақыт бас бапкерді таңдауға жұмсаған алматылықтар енді ел біріншілігін ұтуды көздеуде. Бұл туралы клубтың медиа-офицері Арман Жақсығұлов мәлімдеген болатын. 

"Бүгін Александр Анатолиұлы командаға таныстырылды. Бүгінгі кеште ол клубтағы алғашқы жаттығуын өткізеді. Клубтың алдында әдеттегідей ең жоғары мақсаттар тұр - ел чемпионаты мен Лига Кубогінде топ жару",- деді Арман Жақсығұлов. 

Айта кетейік, осыған дейін команданы Рафаэль Уразбахтин жаттықтырып келген. Ол қызметінен кеткен Кирилл Кекерді алмастырған болатын. Алматылық клуб қазір ҚПЛ-де 15 ұпаймен 3-сатыда келеді. Лига Кубогіндегі бірінші кездесуінде  "Ақжайықты" аяған жоқ - 9:0.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров