Жарнама
Жарнама

«Қайсар» - «Астана» кездесуіне болжам

04.05.2025, 14:20

«Қасқырлар» «Қайратты» тоқтатқан соң (0:0) өткен турда «Қызыл-Жарға» қарсылық таныта алмады 1:2.

«Астана» футболшылары «Ордабасы» қақпасына салған голдарын тойлауда
Жарнама
Жарнама

Енді сол сәтсіздікті жуып-шайып, турнирлік кестедегі жағдайды түзеуі керек (12-орын). Бірақ, бұл орындалуы аса күрделі міндет - «Астана» қазір бабында. Виктор Кумыковтың шәкірттері алматылық клубты да тұсай алды ғой, кім біледі, мүмкін бүгін елордалық командаға қарсы айтары табылып қалар. 

«Қайсар» ҚПЛ-де таза отандық ойыншыларға сенім артқан жалғыз клуб. Сонысына қарамай ешкімге оңайлықпен ұпай бермейтін намысты ұжым. Бұл қасиетін қызылордалықтар маусым барысында көрсетті. 

Григорий Бабаянның командасында бәрі керемет көрінгенімен ішкі атмосферасы мәселесіз емес секілді. Ол туралы бас бапкер «Атырауға» қарсы өткен ойын соңында айтқан. Елордалықтар сапында бапкерлік штабтың нұсқамасын толық орындамайтындар бар көрінеді. Григорий Константинұлы осы жағын ескеріп, құрамда біраз ауыс-түйіс болатынына назар аударды. Десе де, «Астана» тәжірибе мен жекелеген ойыншыларының шеберлігіне иек артып, көш басында келеді. 

Елордалық команда бірінші таймда гол салады деп ойлаймыз. Fonbet.kz букмекерлік кеңсесінде бұған 1.67 коэффициентімен бәс тігуге болады. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров