Жарнама
Жарнама

«Қайсар» фавориттен ұпай алды

15.06.2025, 22:35

Қазақстан Премьер-Лигасының 12-туры аясында Қызылордада өткен матчта жергілікті «Қайсар» мен Қостанайдың «Тобылы» 1:1 есебімен тең ойнады.

Жарнама
Жарнама

Қонақтар бұл кездесудің фавориті саналғанымен, ойын барысында айқын басымдық көрсете алмады. Есепті 18-минутта Марко Вукчевич алыс бұрышты дәл көздеп, ашты. Алайда араға он шақты минут салып, қызылордалық Дидар Жалмұқан айып алаңынан сыртта тұрып, керемет соққымен таразы басын теңестірді. Есеп: 1:1.

Екінші таймда қауіпті сәттер аз болды, командалар шабуылда белсенділік танытқанымен, есеп өзгермей қалды.

Осылайша, «Тобыл» 24 ұпайға жетіп, көш бастап тұрған «Астанадан» алты ұпай қалып келеді, бірақ қостанайлықтардың қоржынында екі ойын кем. Ал «Қайсар» 12 ұпаймен турнирлік кестенің тоғызыншы сатысында тұр.

«Қайсар» — «Тобыл» 1:1 (1:1)

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: