Жарнама
Жарнама

«Қайсар» ФК капитаны Думан Нәрзілдаев келер маусымда басқа клубқа ауыспақ

Қызылорда футболының түлегі, «Қайсар» ФК капитаны Думан Нәрзілдаев келер маусымда басқа клубқа ауыспақ. Бүгінде футболшы команда басшылығына клубта қалмайтынын жеткізген.

Жарнама
Жарнама

Жалпы қызылордалық клубтың қазіргі таңда жағдайы мәз емес. Футболшылар үш айдың жалақысын және бірнеше үстеме ақысын ала алмай маусымды аяқтағаны елге белгілі. Қаржылық қиындықтарға тап болған командаға жуырда БАҚ өкілдеріне брифинг берген облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев та қол ұшын созбайтынын айтып, артық қаржы бөлмейтінін білдірді. Осыдан кейін футболшылар да «Қайсардың» келешегіне күмәнмен қарап, үміттерін үзгендей. Ал Думан Нәрзілдаев сияқты тәжірибелі футболшыны қаржылық жағдайы тұрақты кез келген команда өз сапында көргісі келетіні анық. Сондықтан, Думан Қызылордада алақан жайып жүргеннен гөрі клуб ауыстыруды жөн көрген секілді. Жалпы облыс әкімдігінен қолдау болмаса “дала қасқырлары” сапынан негізгі құрамның біраз ойыншысы кетпек ниетте. Оның үстіне Сыр спортын алдағы уақытта белгілі боксшы Бақтияр Артаев басқарады деген ақпарат желіде желдей есіп жүр. Аймақтың спорт басқармасының басшылығына боксшы келсе футболды қолдауы екіталай.    

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: