Жарнама
Жарнама

“Қайсар” ФК қарызы бюджет есебінен жабылатын болды

Ол туралы Сыр өңірінің Коммуникациялар қызметінде Қызылорда спортының басшысы Бақтияр Артаев мәлімдеді. 

Жарнама
Жарнама

Мәселен, осы жылдың дерегі бойынша Қайсар командасы футболшылар мен персоналға 180 млн теңге қарыз болған. Бюджет осы және өзге де шығындарды жабуға жұмсалады. Ал инвестор Исламғали Қозбақов болса, жаңа академия мен құрамды жасақтауға қаржы құяды. Демеуші болып қосылған “Tau Group” компаниясы да клубты дамыту жоспарын әзірлеп жатыр екен. Алпауыт компанияда қол қусырып отырмайтынын жеткізіпті.

Айта кетейік, осы маусымды “Қайсар” командасы бірде бір легионердің қатысуынсыз өткізіп, чемпионатты 11 орында аяқтады. Алайда клубтың қиын жағдайына қарамай, біріншіліктегі орнын сақтап қалған Виктор Кумыков маусым бітісімен қызметінен кетті. Оның орнына Андрей Ферапонтов келді.  

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: