Андрей Ферапонтов жаңа маусымға дейін Грекияда тәжірибе жинақтап келеді.
50 жастағы маман Грекияның үздік командаларының бірі саналатын АЕК командасында біліктілігін арттырады. Ондағы Марко Николич бастаған бапкероік штабтың жұмысымен танысатын болады.
Осыдан үш күн бұрын “Қайсар” бапкері ретінде ресми таныстырылған Андрей Ферапонтов Қазақстан U21 құрамасында да қызмет жасайтынын айта кету керек.
Жалпы Свестославұлы өзінің бапкерлік мансабында 3 рет еліміздің Бірінші лигасында топ жарды. Соңғы рет ол 2023/24 жылғы маусымда “Оқжетпесті” чемпион қылып, Премьерге алып шықты.
Біздің серіктес: FONBET