“Қайсар” ФК Сақалбаевтың келісімшартын ұзартты

39 жастағы жартылай қорғаушы Руслан Сақалбаев мансабын “Қайсар” командасында жалғастыра беретін болды, деп жазады Аладоп.кз.

39 жастағы жартылай қорғаушы Руслан Сахалбаев мансабын “Қайсар” командасында жалғастыра беретін болды, деп жазады Аладоп.кз.

Кәсіби мансабын сонау 2001 жылдары бастаған Руслан өз мансабында “Қайрат”, “Атырау”, “Жетісу”, “МегаСпорт”, “Ақтөбе”, “Спартак” Семей, “Оқжетпес”, “Каспий” және “Қайсар” ұжымдарында өнер көрсеткен.

Жартылай қорғаушы Премьер-лигада жалпы алғанда 261 ойын өткізіп, 18 гол мен 10 голдық пастың авторы атанған.

Айта кететіні, келер аптада “қасқырлардан” трансферлік бан алынуы мүмкін. Себебі, клуб басшысы Садық Мұстафа қарызды төлейтін қаражаттың ұжым есепшотына түскенін хабарлап отыр.

 

Материалда: