«Қайсардың» нигериялық шабуылшысы Виктор Мозес «Ордабасыға» қарсы матчқа қатыса алмауы ықтимал.
Бұл туралы Журналист Эльдар Аманбаев мәлімдеді. 35 жастағы жұлдызды футболшы жарақатына байланысты «дала қасқырларымен» бірге жаттығуға қатыспаған еді. Виктор Мозес «Астанаға» қарсы өткен ойында алған болатын. Қазақстан премьер-лигасының үшінші туры аясындағы «Ордабасы» – «Қайсар» кездесуі бүгін Шымкентте өтеді. Естеріңізге сала кетейік, Виктор Мозес «Қайсар» сапында алғашқы ойынын екінші турда өткізген. «Астанаға» қарсы матчта нигериялық шабуылшы алаңға 64-минутта шығып, чилилік шабуылшы Томас Джонстың орнына ойынға қосылған. Бұл кездесу 0:0 есебімен тең аяқталды.
«Қайсар» ҚПЛ 2 турынан кейін екі ұпаймен 10-сатыға жайғасуда. Қызылордалықтар бірінші турда «Жеңіспен» ұпай бөліссе (1:1), 2-турда «Астанамен» тең тарқасты 0:0. Ал «Ордабасы» алғашқы кездесуінде «Ертіспен» тең ойнап 2:2, өткен аптада сырт алаңда «Жеңістен» айласын асырды 0:2. Шымкенттік команда 4 ұпаймен үшінші орынға жайғасты.
Біздің серіктес: FONBET