Жарнама
Жарнама

«Қайсар» клубы ірі трансфер жасайды

18.11.2025, 17:30

Қызылордалық «Қайсар» клубы трансфер терезесі барысында құрамын күшейтпек, деп хабарлайды Aladop.kz

Жарнама
Жарнама

Қызылордалықтар кейінгі 3 жылда «Астана» намысын қорғап келген 35 жастағы қорғаушы Александр Марочкинді өздерінің қатарына қоспақ. Футболшы биылғы маусымда елордалықтардың сапында 18 ойынға қатысып, 2 гол соққан. Сондай-ақ футболшы Қазақстан ұлттық құрамасында 50 матч өткізіп, наурыз айында Лихтейнштейн қақпасынан саңылау тапты. Сол кездесуден кейін ол ұлттық құрамадан кететіндігін ресми мәлімдеген болатын.

Айта кетейік, Александр Марочкин 2018-2020 жылдар аралығында да «Қайсарда» өнер көрсеткен еді.

Биылғы маусымда қызылордалықтар кіл отандық футболшыларға сенім артқан жалғыз отандық клуб болды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: