«Қайсар» футбол клубы жартылай қорғаушы Ерсұлтан Қалдыбековпен келісім-шарт жасасты, деп хабарлайды Aladop.kz
23 жастағы футболшы 2025 жылғы маусымда «Атырау» сапында 14 ойын өткізіп, бір сары қағаз алған.
Қалдыбеков — Жамбыл футболының түлегі. Ол кәсіби мансабын туған қаласының «Тараз» клубында бастап, 2023 жылы «Атырауға» ауысты. Бұл командамен бірге 2024 жылғы Қазақстан Кубогының финалына дейін жетті. Сонымен қатар, Қазақстан жастар құрамасында да өнер көрсеткен.
Айта кетейік, «Қайсар» клубы жазғы трансфер терезесінде «Тараз» клубының көшбасшы ойыншыларының бірі – Димаш Серікұлын да өз қатарына қосқан болатын. Одан бөлек, қызықлордалықтар 35 жастағы Ілияс Әмірсейітовтің көмегіне жүгінуді жөн көрді.
Дәл қазіргі сәтте «Қайсар» клубы Қазақстан Премьер-лигасында 13 ұпаймен 11-орында келеді.
Біздің серіктес: FONBET