Жарнама
Жарнама

“Қайсар” команданың баспасөз-қызметі ресми мәлімдеме жасады

Онда клуб ойыншылары мен бапкерлерінің айлық алу мәселесі жайында сөз қозғалды. 

Жарнама
Жарнама

“Қайсар” клубы инстаграм әлеуметтік парақшасына мынадай пост жариялады.

Ресми мәлімдеме!

“Әлеуметтік желілерде бұқаралық ақпарат құралдарында “Қайсар” футбол клубы ойыншыларына жалақы бермеу жайында жалған ақпарат тарауда.

Клуб бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдейді. Бүгінде клубтағы футболшылар, бапкерлік штаб, футбол орталығы, ішкі қызметкерлердің барлығы уақытылы жалақысын алып, штаттық режимде өз жұмыстарын жүйелі атқаруда.

Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейтініне тағы да назар аударамыз. БАҚ өкілдерінен клубтың баспасөз қызметіне хабарласуды, тексерілмеген ақпаратты таратпауды және тек ресми дереккөздерге сенуді сұраймыз”, - деп жазылған клубтың ресми мәлімдемесінде.

Қазақстан Премьер-лигасының 20-турынан кейін 18 ұпай жинаған “Қайсар” турнир кестесінде 11 орында келеді. Соңғы рет қасқырлар Түркістанда “Тұраннан” минималды есеппен жеңілген болатын. Дәл осы матчтан кейін “Қайсарда” қызметкерлер айлықсыз жүр деген ақпарат тарады. Алайда көріп отқандарыңыздай, бұның барлығы шындыққа жанаспайтын қауөсет екен. 

 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: