Ресейлік танымал сарапшы Микеле Антонов қызылордалық «Қайсарға» ауысуы ықтимал футболшының бірі саналып жүрген Ахмед Мусаның деңгейін бағалап, ҚПЛ-дегі әлеуетіне тоқталды.
Журналистің айтуынша, нигериялық шабуылшыда Қазақстан премьер-лигасының басты жұлдызына айналатын мүмкіндік бар.
«Мусаны Қазақстан үшін тым кәрі ойыншы деп ойламаймын. 33 жас – футболшының нағыз кемеліне жеткен шағы. Ибрагимович 41 жасқа дейін ойнады. Вагнер Лав 36 жасында «Қайратқа» келді. Қазір 41-жасында Бразилияның екінші лигасында ойнап, әлі де көзге түсіп жүр. Мусаның Нигерия чемпионатының соңғы екі маусымында 37 матч өткізіп, 13 гол соққанын көрдім. Демек, гол соғуды әлі ұмытқан жоқ. Сондықтан ол ҚПЛ-да өзін көрсете алады. Менің есімде, ол Ресейдегі ең мықты шабуылшылардың бірі болды – жылдам, епті еді. Бір маусымда 15 гол соғу оның қолынан келеді. Ең бастысы – толыққанды дайындықтан өтіп, жарақат алмауы керек. Өйткені оның «темірдей» ойыншы емес екенін, жарақатқа бейім екенін білеміз. Жылдамдығы әлі де бар. Мен «Қайраттың» ойындарын көрдім, Муса өзінің шапшаңдығы мен күшінің арқасында сол Александр Мартыновичтен де оңай қашып кетеді деп ойлаймын. Қарсылас кім болса да, төтеп бере алады. Сондықтан бұл ауысымға мен тек «қолдаймын», – деді сарапшы «ASnews.kz» сайтына берген сұхбатында.
Ахмед Муса мәскеулік «ЦСКА» сапындағы өнерімен танымал. 33 жастағы футболшы мәскеулік ұжыммен Ресей біріншілігінле 3 рет топ жарды. Айта кетейік, осы айдың басынан БАҚ беттерінде қызылордалық клубтың Ахмед Мусаға қызығушылық танытып жатқаны жайлы айтылды. «Қайсар» оған дейін тағы бір нигериялық футболшы Виктор Мозесті қатарына қосты.
Біздің серіктес: FONBET